Семинар для хатшылары ТҚК по профилактике и координации безопасности
Түркістан облысында ҚР ҰҚК департаменті Терроризмге қарсы орталық бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық және қалалық ТҚК хатшыларына арналған семинар өтті. Семинар барысында ТҚК хатшылары профилактика жұмыстарының жаңа бағыттары, кәмелетке толмағандармен жүргізілетін профилактикалық шаралардың ерекшеліктері және террористік тұрғыдан осал объектілердің қызметін үйлестіру мәселелері талқыланды.
Семинардың мақсаты мен міндеттері
Жиын барысында жаңадан тағайындалған хатшыларға әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсетілді. Нормативтік құқықтық актілер мен алгоритмдердің талаптары түсіндіріліп, хатшылардың жұмыстарын саралап, баға берілді. Төмен нәтиже көрсеткен аудандардың жұмыстарын көтеру бойынша ұсыныстар енгізілді.
ТҚК хаттамалық тапсырмалары
Семинарда республикалық ТҚО-ның, облыстық және аудандық ТҚК хаттамалық тапсырмаларын мүлтіксіз орындау қажеттігі туралы сөз қозғалды. Семинар қорытындысында, ҚР ҰҚК ТҚО Штабымен дайындалған тест қабылданып, нәтижелері қосымша талқыланды.
Алдағы уақытта облыстық ТҚК мүшелерімен аудан, қалаларға әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсету мақсатында іс-сапарлар ұйымдастырылатындығы және дайын болу қажеттігі жеткізілді.


-
Битва за кирпичи: экс-глава строительства Жылыоя идет в суд против акимата3-07-2026, 20:08 10
-
Атырау в ожидании: временные отключения горячей воды3-07-2026, 20:08 9
-
Дочь экс-главы финпола Атырауской области и карибский паспорт12-06-2026, 14:07 70
-
Временные отключения света 15 июня: как это скажется на жизни людей и бизнесе14-06-2026, 14:05 17